USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Бақтияр Өнербаев Текелі қаласының әкімі болып тағайындалды

2016 жылғы 9 қараша 11:32
Бөлісіңіз:
Бақтияр Өнербаев Текелі қаласының әкімі болып тағайындалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен босаған Бақтияр Өнербаев Текелі қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.

Бақтияр Әлтайұлы 1967 жылы туған. С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және Қырғыз ұлттық мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы - инженер-химик, оқытушы, құқықтанушы, саясат ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің бейорганикалық химия кафедрасының лаборанты болып бастады. Кейін С. Киров атындағы университеттің кафедрасында инженер, ҚР Коммуналдық меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру комитетінің маманы, бас маманы, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, ҚР Президенті Іс басқармасының ұйымдастыру бөлімінің, сыртқы байланыс және іс-шараларға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі, Алматы қаласының сот әкімшісі, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының бірінші орынбасары, ҚР Парламенті Сенатының бөлім меңгерушісі болып қызмет істеді.

2014 жылғы қарашадан - Алматы облысы әкімінің орынбасары.

Алматы облысы әкімінің өкімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Талғат Қанатұлы Қайнарбеков Текелі қаласының әкімі қызметінен босатылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT