Бақтияр Артаев «Astana Arlans» бокс клубының директоры болып тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ боксының мақтанышы, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев «Astana Arlans» кәсіпқой бокс клубының директоры болып тағайындалды. Жаңа қызметке тағайындалғанын Артаев «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне растады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Astana Arlans» бокс клубының директоры директоры болғаным рас. Бұйрық бүгін шықты», - деп хабарлады Артаев телефон арқылы.

Айта кетсек, Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев 1983 жылы 14 наурызда Тараз қаласында өмір есігін ашқан. Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері. 2004 жылғы Грекияның Афина қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасындағы жарыс чемпионы, ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл қараша Мианьян қаласы, Қытай). 7 дүркін Қазақстан чемпионы.

Бұған дейін Бақтияр Артаев «Тарлан Батырлары» ЖШС-ін басқарып келген.

Соңғы жаңалықтар