Бақсай каналына 26 жастағы жігіт батып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Атырау облысында суға батып кеткен 26 жастағы жігіттің мәйті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2 тамызда сағат 15:05 шамасында төтенше жағдайлар департаментінің байланыс бекетіне Атырау облысы Махамбет ауданы Таңдай селосында 1996 жылғы азаматтың суға батып кеткені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел құтқару жасағы жіберілді. Сағат 19:10-да жергілікті тұрғындардың көмегімен азаматтың мәйіті табылып, судан шығарылды. Марқұмның Бақсай каналындағы суға түсуге рұқсат етілмеген жерде шомылғаны анықталды», - деп мәлім етті Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Жергілікті құзырлы орган дерегінше, іздестіру-құтқару жұмыстарына 5 сүңгуір, 1 қайық, 2 арнайы техника, аудандық полиция бөлімінің 3 қызметкері мен 2 жергілікті тұрғын жұмылдырылған.

Еске сала кетейік, кеше тағы да Атырау облысында осындай қайғылы жағдай орын алған еді. Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанғылыш Жайық өзенінің жабдықталмаған тұсында шомылып, суға батып кетті. Денесі бір тәуліктен соң табылды.


Соңғы жаңалықтар