Бақдәулет Құралбекұлы семсерлесуден Олимпиада чемпионына есе жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Будапешттегі семсерлесуден әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін семсерлесушілер жарыс жолына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

1/64 айналымға Қазақстаннан үш спортшы өткен болатын. Илья Мокрецов 1/32 айналымда жолдама беретін бәсекеде француз Болад Апитиді 15:14 есебімен ұтты. Өкінішке қарай, Ульяна Балаганская мен Бақдәулет Құралбекұлы келесі кезеңге өткен жоқ. Балаганская венгриялық қарсыласына 12:15 есебімен жол берсе, Бақдәулет Құралбекұлы 8:15 есебімен Олимпиада чемпионы Гу Бон Гилден ұтылды.

Соңғы жаңалықтар