Бақауов медицина саласында жағдайы төмен студенттерді бюджет есебінен оқытуды тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов алдағы уақытта ЖОО-ның медицина саласында отбасы жағдайына байланысты қиындыққа ұшыраған студенттерді бюджет есебінен оқытуды тапсырды.

Аймақ басшысы мұндай пікірді жастар саясаты және патриоттық тәрбие жөніндегі кеңестің отырысында білдірді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

  «Студент немесе оның отбасы өмірде қиын жағдайға тап болатын сәттер орын алады. Сондықтан кейде оқуын тастап кетуге мәжбүр болады», -  дейді облыс әкімі.»Мұндай жағдайда бюджет есебінен оқу ақысын төлеуді ұсына аламыз. Дегенмен университетті аяқтағаннан кейін жас маман біздің өңірге келіп, кем дегенде бес жыл еңбек етуі тиіс. Біз осылайша 4-5 жылдың ішінде оқыған дәрігерді тарта аламыз. Бұл үшін әрбір аудан мен қаланың басшылары қандай мамандардың жетіспейтінін анықтап, бюджетте қажет ресурс қарастыруы тиіс».

 Болат Бақауов кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізу үшін Семей мемлекеттік медициналық университетіне барып келуді ұсынды. Бұдан басқа, алдағы уақытта жергілікті қазына есебінен оқытылатын мамандықтарды тізімге енгізу тапсырылды. Сонымен қатар, кездесу барысында павлодарлық колледждері түлектерінің  еңбекпен қамтылуы туралы сөз қозғалды. Белгілі болғандай, 1 қыркүйек күні олардың 99,1 пайызы жұмысқа кіріскен, жоғары оқу орнына түскен немесе әскер қатарына Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған. Қалған 45 адам жұмыс іздеп жүр. Олардың алтауы - «Ақпараттық жүйе», «Сүт өнімдерін шығару», «Азық-түлік өнімдерін шығаруды ұйымдастыру технологиясы», «Түсті металдар металлургиясы», «Емдеу және медбибі ісі» және басқа да мамандықтар иесі.

Білім беру басқармасының басшысы Бақыт Бексейітованың айтуынша, олардың әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізілген. 

Соңғы жаңалықтар