БАҚ: Жапониядағы шаңғы жарыстарында жарылыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның солтүстігіндегі Саппоро қаласында өтіп жатқан шаңғы жарыстарында жарылыс болды, деп хабарлайды ТАСС жапондық Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түскен жоқ. Жергілікті құқық қорғау органдары бір адамды ұстап, сұрау жүргізіп жатқаны хабарланып отыр.

Агенттіктің мәліметтерінше, жарылыс болған сәтте жапондық императорлық отбасының мүшесі - ханшайым Акико бәсекені тамашалап отырған.

Соңғы жаңалықтар