БАҚ үгіт-насихат материалының ақысы, шарты мен тәртібін 16 қазанға дейін жариялауы тиіс

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы бұқаралық ақпарат құралдарына Президенттікке кандидатқа эфир уақытын және баспасөз бетінен орын беру туралы ақпараттық хабарлама жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес, президенттікке кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдары 16 қазаннан кешіктірмей эфирден және баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясына ұсынуға тиіс.

Орталық сайлау комиссиясы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 112-бабы 5-бөлігіне сәйкес қаралған жауапкершілікті те еске салады. Атап айтқанда, эфирден жəне баспасөз бетінен орын бергені үшін төлемнің мөлшері, шарттары жəне тəртібі туралы мəліметтерді сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған жəне жарияламаған, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясына ұсынбаған бұқаралық ақпарат құралының президенттікке кандидаттардың үгіт материалдарын жариялауы немесе эфирге шығаруы – лауазымды адамдарға – 30, заңды тұлғаларға 50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


Соңғы жаңалықтар