БАҚ-та Ақтөбедегі лаңкестік бойынша 24 қазанда жария етілуі тиіс айыптау қорытындысы пайда болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі, 18 қазан күні Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында ағымдағы жылдың 5-8 маусымы күндері Ақтөбе қаласында лаңкестік актілерді жасағаны үшін айыпталып отырған радикалдарға қатысты істің алдын ала тыңдауы басталды.

Ақтөбенің «Эврика» газетінің интернеттегі сайтында 24 қазан күні өтетін басты сот отырысында прокурор жария ететін айыптау қорытындысы орналастырылды. Айта кетейік, сот процесі жабық түрде өтетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарияланған айыптау қорытындысындағы мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі күні сот алдында арнайы қызметтер мен полицейлер өткізген лаңкестікке қарсы операциядан кейін тірі қалған 9 адам жауап беруде. Олар: 33 жастағы Бақыт Қуанышбаев, 31 жастағы Айдос Жұбанов, 28 жастағы Азамат Әбдірахманов, 27 жастағы Әлібек Ақпанбетов, 28 жастағы Асхат Рахметов, 26 жастағы Әрсен Таңатаров, 30 жастағы Асхат Иманғалиев, 34 жастағы Жаңабай Қуанышбаев және 23 жастағы Әнуар Сәдіқов.

Тергеу оларды 5-8 маусым күндері болған терактілердің белсенді қатысушылары деп санайды.

Аталмыш тұлғалардың кінәсі дәлелденген жағдайда, олар өмір бойына бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, ағымдағы жылдың 5 маусымында Ақтөбе қаласында лаңкестік акітісі орын алды. Бір топ лаңкес қаладағы «Паллада» мен «Пантера» қару-жарақ дүкендеріне және №6655 әскери бөлімшесіне шабуыл жасады. Салдарынан 8 адам, оның ішінде 3 әскери қызметші қаза тапты. 30 адам, оның ішінде 14 бейбіт тұрғын жарақаттанды.

 

Соңғы жаңалықтар