БАҚ саласындағы «URKER-2022» ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтауға бағытталған «URKER – 2022» ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен мәлім еткендей, байқауға медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады.

Өтінімдер 30 қыркүйек – 19 қазан күндері қабылданады.

Конкурсқа жолданатын жұмыстар 2021 жылғы 2 маусым 2022 жылғы 29 қыркүйек аралығында баспа басылымында, интернет-ресурста жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс.

Әр үміткер бәйгенің тек екі номинациясына қатысуға құқылы.
Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 10 номинация бойынша қабылданады:
1. Жылдың үздік сұхбаты
2. Жылдың үздік репортажы
3. Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал
4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі
5. Жылдың үздік аналитикалық материалы
6. Халықаралық тақырыптағы үздік материал
7. Жылдың үздік жаңалықтар порталы
8. Радиостанциядағы үздік жоба
9. Жылдың үздік фотосуреті
10. Үздік өңірлік БАҚ

Арнайы премиялар:
1. Ахмет Байтұрсынов атындағы арнайы премия (баспа БАҚ-тағы жоба)
2. Шерхан Мұртаза атындағы арнайы премия (авторлық жоба)
3. Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия (интернет БАҚ-тағы жоба)

Жұмыстарды беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен медиасарапшылар енген тәуелсіз қазылар алқасы бағалайтын болады.
Әр номинацияның үздік өкіліне жеңімпаз атағы беріліп, «URKER - 2022» естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сый табысталады.
Ұлттық бәйге ұйымдастырушылары – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры.


Соңғы жаңалықтар