БАҚ саласында 2 мыңға жуық әйел басшылық қызметте жұмыс істейді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан алдағы 7 жылдың ішінде ерлер мен әйелдер жалақысы айырмашылығын 21 пайызға дейін қысқартпақ. Бұл туралы елордада өткен І Орталық Азия медиа форумында ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның жоспарында таяу 7 жылдың ішінде гендерлік айырмашылыққа қатысты ерлердің әйелдерге қатысты өмір сүру ұзақтығын 7 жылға, орташа жалақы айырмашылығын 21 пайызға дейін қысқарту, сонымен қатар шешім қабылдайтын деңгейде билік органдарындағы әйелдердің үлесін 30 пайызға дейін жеткізу жоспарланған», - деді Аида Балаева.

Оның дерегінше, бүгінде бұқаралық ақпарат құралдары саласында 1 700-ге жуық әйел басшылық қызмет атқарады.

«Бұл Қазақстандағы БАҚ-тың жалпы үлесінің шамамен 32 пайызын құрайды. Олардың ішінде жетекші республикалық телеарналардың газеттер мен интернет ресурстарға жетекшілік етіп отырған әйелдер бар», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар