БАҚ: Манчестердегі лаңкес сауда үйінің бейнекамерасына түсіп қалған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Манчестердегі жарылысқа қатысы бар деп болжанған Салман Абеди Arndale сауда орталығының бейнекамерасына түсіп қалған, ол жерде жанкешті лаңкес жарылыс құрылғысын салуға арналған сөмке сатып алуы мүмкін, деп хабарлайды Sky News телеарнасы.

Бақылау камераларындағы жұма күні кешке түсірілген екі суретте де қара киімді, иығында қара рюкзагы бар жас жігіт көрсетілген. Фотосуреттердің бірінде жігіттің иығындағы рюкзактың бағасы көрсетілген қағазы әлі алынбағандығы байқалады, ол сөмкенің таяу арада сатылып алынғандығын айғақтайды, деп болжайды телеарна тілшісі.

Телеарна мәліметінше, полиция анықтаған Абедидің сауда үйіне бармас бұрын банкоматтан алған 250 фунт стерлингі рюкзак сатып алуға жұмсалуы әбден мүмкін.

Соңғы жаңалықтар