БАҚ: Қытайлық шенеуніктер жалқаулықпен күрес туралы жиында ұйықтап қалған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Хубэй провинциясында алты шенеунік жалқау мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру тәсіліне арналған мәжілісте ұйықтап қалғаны үшін жазалады, деп хабарлады Ecns.cn. порталы.

Оқиға  Сянъян округінде орын алды. Ұйықтап қалғандардың бірі - Қытай коммунистік партиясының қалалық жоспарлау бюросы хатшысының орынбасары.  Екіншісі аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй алаңын субсидиялайтын қор директорының орынбасары.   

Тәртіптік бюро олар   көпшілік алдында кешірім сұрап, қалалық комитетке өзін-өзі сынау хатын жіберуі тиіс деп шешті.

Соңғы жаңалықтар