БАҚ қоғам дамуына әсер ететін қуатты күш - Қ.Жақыпов (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінде палата спикері Қабиболла Жақыпов кәсіби мерекелері қарсаңында бірқатар журналистерге Алғыс хат табыс етті.

Сөз арасында Мәжіліс Төрағасы Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен 28 маусым - Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің күні болып белгіленгеніне тоқталып, мерекеге орай барша БАҚ өкілдерін құттықтады.

«БАҚ қоғам дамуына әсер ететін қуатты күш. Бұдан бөлек, БАҚ - бұл төртінші билік, біз сол үшін Сіздерді бағалап, құрметтейміз. Бүгінгі күні Мәжілістің қызметін ақпараттық қолдаумен 70-тен астам баспа және электрондық ақпарат құралдары қамтамсыз етіп келеді, баспасөз қызметінде 500-ден астам журналистер тіркелген», - деді Қ.Жақыпов.

«Дәл осы журналистердің арқылы заң шығарушы биліктің халықпен диалогы қалыптасады. Яғни, БАҚ бізге ел азаматтарымен тікелей байланыс орнатуға көмектеседі», - деді Қ.Жақыпов.

Соңғы жаңалықтар