БАҚ: КХДР қорғаныс министрі өлім жазасына кесіліп, зеңбірекпен атылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Корея Халықтық -Демократиялық Республикасы қарулы күштерінің министрі Хён Ён Чхоль өлім жазасына кесілді. Бұл туралы Оңтүстік Корея елінің ұлттық барлау қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

Ол елдің көшбасшысы Ким Чен Ынның қатысуымен өткен әскери шара кезінде ұйықтап қалғаны үшін айыпталды, деп ақпараттандырды Корея Республикасы ұлттық парламентінің депутаттары үшін өткен брифингте барлау өкілі.

Министр шұғыл қызметінен босатылып, опасыздық жасағаны үшін айыпталды, деп хабарлайды КР барлау өкілінің сөздерін келтірген Ренхап ақпараттық агенттігі. Оның мәлімдеуінше, Хён Ён Чхоль зеңбірекпен атылған.

Соңғы жаңалықтар