БАҚ: Қазақстандық ауыр атлет Чиншанлоның допинг-сынамасы оң нәтиже берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанлоның допинг-сынамасы оң нәтижесін берді. Бұл туралы қытайлық China Post газеті жазды.

22 жастағы Чиншанло Лондондағы Олимпиада ойындарында жеңіп алған алтын медальдан айырылуы мүмкін. Барлығы «Б» сынамасын ашқан соң белгілі болады.

Лондондағы Ойындарға қатысып, алтын жүлделерді жеңіп алған бес ауыр атлеттің допинг-сынамалары оң нәтиже көрсеткені хабарланып отыр, деп жазады ТАСС.

Бұған дейін Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2012 жылғы Ойындардың 23 спортшысының «А» допинг-сынамаларының қайта талдауы оң нәтиже бергенін хабарлады. Бұл атлеттер алты елден келіп, спорттың бес түрінен қатысты. ХОК сынамаларды қайта тексеруді шешіп, Бразилиядағы Олимпиада ойындарында шығуы тиіс спортшыларға баса көңіл бөлді.

Соңғы жаңалықтар