БАҚ: Қазақстан ОПЕК елдерінің бейресми кездесуіне шақырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОПЕК-ке мүше елдер 8 және 13 қазан аралығында қыркүйек айында Алжирде қол жеткізілген келісімді жүзеге асыруды талқылау аясында Стамбұлда бейресми кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

«Кездесу Алжир, Сауд Арабиясы, Катар, Кувейт, Габон, БАӘ, Венесуэла және Ресей, сонымен қатар Бразилия, Қазақстан, Әзербайжан, Мексика мен Оманның энергетика министрлері арасында мұнай өндірісін шектеу бойынша кеңестер өткізу мақсатымен бейресми форматта өтеді. Кездесу 12 қазанда ұйымдастырылады», - деп хабарлады РИА Новости Әзербайжан энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Бұрын кездесу өтетін уақыт аталмаған. Оны Бүкіләлемдік энергетикалық конгресс күндері, яғни  9-13 қазанда Стамбұлда өткізу жоспарланғаны туралы ғана айтылған. Қатысушылардың тізімі де ресми жарияланбаған. 

28 қыркүйекте ОПЕК Алжирдегі бейресми кездесуде мұнай өндірісін тәулігіне 32,5-33 миллион баррельге дейін шектеуге келісті.  Алайда ұйымдағы нақты елдерге қойылған шектеулер белгісіз. Ұйым нарықты тұрақтандыру шараларына өзге де мұнай өндіруші елдердің қосылатынына үміттенуде. 

Соңғы шешім 30 қарашада Венада өтетін ресми кездесуде қабылдануы тиіс. 

Соңғы жаңалықтар