БАҚ Илья Ильиннің қанынан допинг табылғанын хабарлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Азиялық БАҚ-қа сілтеме жасаған Oasport.it-тің ақпараты бойынша, ауыр атлетикадан Олимпиаданың екі дүркін чемпионы және әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильиннің 2012 жылғы Олимпиада кезінде алынған допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткен.

Бұл ақпарат расталса, Ильин Олимпиаданың алтын медалінен айырылып, 2016 жылы Риода өтетін Олимпиадаға қатыспайды, деп жазады Sports.kz.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның басқа Олимпиада чемпионы - Зүлфия Чиншанлоның допинг-сынамасы да оң нәтиже бергені туралы хабарланған болатын. 

Соңғы жаңалықтар