БАҚ Головкиннің титулына ықтимал үміткерлерді бағалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com шолушысы Эрик Болдуин, Геннадий Головкин титулының міндетті үміткерлерін тағайындау үшін WBC жоспарлап отырған «төрттік турнирдің» болжамды қатысушыларының деңгейіне баға берді, деп хабарлайды Sports.kz.

«WBC №3 рейтингіндегі Давид Лемье (36-3, 32 КО) Сауль «Канело» Альвареспен 2017 жылдың ақпан немесе мамыр айында кездеседі. Оның WBC қамқорлығындағы турнирге қатысуы екіталай. Егер ол Канеломен келесі жылы айқаспаса да, турнирде Головкинмен кездесуі қисынға келмейді. Лемье танымал боксшы және оған титулдық жекпе-жекті жеңіп алу үшін турнирлер қажет емес. Алайда Лемье осы турнирге қатысатын болса, жеңіске жетуі әбден мүмкін. WBC №8 рейтингіндегі Кертис Стивенс (29-5, 21 KO) үш жыл бұрын Головкиннен сегізінші раундта жеңіліс тапты. Содан кейін ол соңғы бес айқаста төрт рет жеңіске жетті. 2014 жылы қазылардың бірауыздан шешім қабылдауымен Хассан Н'Даму Н'Жикамнан ұтылып қалған еді. Оған қарамастан, Джеймс Де Ла Росса және Патрик Тейшейромен болған жекпе-жекте жеңіске жетті. WBC №1 рейтингіндегі Хорхе Себастьян Хейланд (28-4-2, 15 KO) 2014 жылы Мэттью Маклинды ұтқан соң өзіне лайық емес көптеген қарсыластармен айқасты. Оның басшылары жақсы қарсылас қарастыруда неге мән бергенін түсінбеймін. Көбіне жұртқа танымал емес спортшылармен ойнады. Соңғы үш жекпе-жекте Анхеля Эрнандесты (17-18-1), Мартин Фидель Риосты (17-8-3) және Клаудио Ариэль Абалосты (29-13-3) жеңген болатын», - деп жазады Болдуин.

Айта кетейік, автор өз хабарламасында турнирдің тағы бір қатысушысы - украиндық Евгений Хитров туралы тіс жармады.

 

Соңғы жаңалықтар