БАҚ Головкин - О'Салливан жекпе-жегін өткізу мүмкіндігіне баға берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com сайтының журналисі Скотт Гилфойд Головкин - О'Салливан жекпе-жегін өткізу мүмкіндігі туралы пікір білдірді. Бұл туралы Sports.kz жазды.

Ол ирландиялық боксшы егер 15 қыркүйекте GGG «Канелоны» жеңсе, Гэри «Спайк» О'Салливанның Геннадий Головкинмен жұдырық түйістіре алмайтынын айтты.

Бұрын О'Салливан 15 қыркүйекте GGG - «Канело» бокс кешінің андеркардында өнер көрсететінін және олардың жеңгенімен желтоқсанда кездесетінін мәлімдеген болатын.

«Головкин деңгейі төмен қарсыласқа босқа уақыт жұмсамайды, сондықтан О'Салливанның титулдық жекпе-жек өткізу туралы ұсынысын қабылдамайды. Егер Головкин «Канеломен» өткен рематчтан кейін ирландиялықпен кездессе, бокс қоғамдастығы наразылық білдіреді. Америкалық жанкүйерлер Головкиннің Билли Джо Сондерспен жекпе-жек өткізуіне төзетін шығар, бірақ «Спайк» секілді қарсыласқа қарсы ұсақ кездесуге енді шыдамайды. Мамыр айында Геннадий Ванес Мартиросянмен жұдырық түйістірді, соның өзі небәрі екі-ақ раундқа созылған масқара жекпе-жек болды. Жанкүйерлер, Альварестен тыс, Головкиннің Джермалл Чарло, Дэнни Джейкобс және Деметриус Эндрейд сияқты боксшылармен айқасқанын қалайды. О'Салливанға Головкин мен «Канело» тек ауыр нокаутқа түскен кезде қызығуы мүмкін. Яғни ауыр жеңілістен соң аздап өзіне деген сенімділігін арттыру үшін Гэри ең дұрыс қарсылас болатын шығар, бірақ басқа мақсаттарда О'Салливаннан еш пайда жоқ», - дейді Скотт Гилфойд.

Соңғы жаңалықтар