БАҚ Франция бас штабының жаңа басшысының есімін атады

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Генерал Франсуа Лекуантр Франция қарулы күштері бас штабының жаңа басшысы болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі France24 телеарнасына сілтеме жасап.

Франция үкіметінің өкілі Кристоф Кастанер бұл мәліметті растады және 55 жасар Лекуантрдың армияда мойындалған тұлға екенін атап өтті. Алайда бұл тағайындау бейсенбіге жоспарланған кабинет мәжілісі өткенге дейін ресми түрде расталмайды.

Франсуа Лекуантр туралы жарияланған мәліметтерге қарағанда, ол 1990 жылдары балқан соғысы кезінде Сараевода қызмет еткен және Еуроодақтың Мали әскерін жаттықтыру жөніндегі Малидегі миссиясының басшысы болған.

Осыған дейін Франция қарулы күштері бас штабының бастығы Пьер де Вилье қорғаныс саласына бөлінетін қаржыны қысқарту жөніндегі үкіметтің ұсынысымен келісе алмай, отставкаға кеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар