БАҚ арасында өткен алғашқы «SPORTINFORM CUP» турнирінде «ХАБАР» теларнасы жеңіске жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада елорданың 20 жылдығына орай  БАҚ командалары арасында жолдастық турнир өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Турнирдің ашылу салтанатына Астана футбол федерациясының президенті Мәлік Хасенов қатысты.

«Cпортқа бейім журналистер - футболды сүйетін жандар. Жақында ғана БАҚ өкілдері арасында өткен халықаралық турнирге барып қайттым. Біз де қазақстандық журналистердің арасында дәл осындай шараларды жиірек өткізуді жоспарлап отырмыз. Сіздердің футболға  деген қызығушылықтарыңызды байқадым, сол себепті бұл ойын түрінің дамуына барынша атсалысуға тырысамыз. Біз байланыс орнатуға әрдайым әзірміз. Сондай-ақ, әуесқой турнирлердің саны жылдан жылға артып келе жатқанына қуанамыз. Барлық қатысушыларға әділ ойын тілеймін! Мықтының мықтысы жеңетініне сенемін», - деді М. Хасенов.

Матчтың бірінші жартылай финалында «SPORTINFORM» САА және «ҚазАқпарат» ХАА командалары кездесті. Сайыста Халықаралық ақпарат  агенттігінің ойыншылары басымдық танытып, 4:2 есебімен жеңді.

Дәл осындай көрсеткішпен «Хабар» және «QAZSPORT» командалары арасындағы екінші жартылай финал аяқталды. Елдің басты спорт арнасының өкілдері Тұрлыжан Әйтенов мен Әзиз Жұмаділ салған екі голға «хабарлық» Бекнұр Нұрмағамбет, Дінмұхамед Мүкей және Нұрсұлтан Қабылбек 4 голмен жауап қайтарды.

Үшінші орын үшін өткен матчта «QAZSPORT» телеарнасы мен «SPORTINFORM» САА командары сынға түсті. Матчтың алғашқы голын спорт агенттігінің ойыншылары салғанымен, «Қазспорт» командасы жоғалқан ұпайдың орнын жылдам толтырды. Дегенмен, агенттіктің ойыншылары 5:2 есебімен жеңіске жетті.

Финал шиеленіске толы болды.Ойынның бас жағында «Хабар» телеарнасы осалдық танытқанымен, соңына қарай есепті 4:3-ке жеткізіп, жеңіске жетті.

Осылайша, өз реномесін ақтап шыққан турнирдің қосалқы фавориті - «Хабар» командасы «SPORTINFORM CUP 2018» БАҚ өкілдері арасындағы алғашқы жолдастық турнирдің жеңімпазы атанды.  «ҚазАқпарат» екінші орынды еншіледі, ал «SPORTINFORM» САА Кубоктың үшінші орнын иеленді.

"Хабар" командасы

"КазАқпарат" командасы

"SPORTINFORM" командасы

Төмендегі аталымдар бойынша үздік ойыншылар:

Турнирдің үздік ойыншысы - Виктор Алексеев (ҚазАқпарат)

Үздік қақпашы- Айбек Қабылша (Хабар)

Үздік бомбардир - Нұрсұлтан Қабылбек (Хабар).

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Қазақстан футболының майталманы, ҚФФ президентінің кеңесшісі Сейілдә Байшақов, «ҚазАқпарат» ХАА бас директоры Асқар Умаров марапаттады.

- Қазақстан футбол федерациясының атынан «Спортинформ кубогы» турнирінің барлық қатысушыларын өткен Журналистер күнімен және Астана қаласының 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! БАҚ өкілдерінің Қазақстандағы футболдың дамуы мен дәріптелуіне қосып жатқан үлесін айтып кетпеске болмайды. Әлемдегі №1 ойын түрін ілгері жылжытып, спортпен, әсіресе футболмен айналысатындарыңыз қуантады. Аталмыш турнир дәстүрлі түрде өтіп тұратынына және келешекте барлық өңірлерге тарайтынына сенемін. Себебі футбол -шекара білмейтін ойын»,  - деді Сейілдә Байшақов.

nullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар