«Baikonyr invest» форумы: 25 меморандумға қол қойылмақ

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада Тұңғыш Президент күні қарсаңында халықаралық «Baikonyr invest» инвестициялық форумы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Инвестициялық форумның биылғы тақырыбы - «Қызылорда: тұрақты өрлеу, инвестициялық ынтымақтастықтық үшін жаңа мүмкіндіктер». Форум аясында жалпы құны 100 млрд теңгеге жуық жобаларды жүзеге асыру үшін 25 меморандум, 1 келісімшартқа қол қойылады. Олардың қатарында өнеркәсіп саласында 14, агроөнеркәсіптік секторда 9, мемлекеттік жекешелік әріптестік бағыты бойынша 3 инвестициялық жобалар бар.

«Baikonyr Invest» жыл сайын 300-ден астам шетелдік және отандық бизнес-көшбасшыларының, инвестициялық компания басшыларының, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері мен экономиканың түрлі салаларындағы сарапшыларды басын қосып келеді.

Форумға шетелдік және отандық бизнес-қауымдастық өкілдері, инвестициялық компаниялардың басшылары келді. Олардың қатарында Кореяның «К2АТ», Францияның «Total Eren», Болгарияның «НЕС» компаниялары және ғылыми-зерттеу институттары өкілдері арнайы келген. Сондай-ақ, форум жұмысына Иран, Франция, Германия, Македония, Нидерланды Корольдігі, Корея, Канада, Словения, Қытай, Ресей сияқты алыс және жақын 10 мемлекеттен инвесторлар келді.

«Биыл инвестициялық форум он бірінші мәрте өткізілуде. Алғаш рет ол 2013 жылы қолға алынған еді. Алдыңғы 10 форумның нәтижесі бойынша 130-ден астам меморандумға қол қойылды. Облыс экономикасына қомақты инвестиция тартылды» -, деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.

Форум қатысушылары енді «Байқоңыр» ғарыш айлағына және «Қорқыт ата» мемориалдық кешенін аралайды.

Соңғы жаңалықтар