+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

«BaigeNews.kz журналисі URKER сыйлығын жеңіп алды

2021 жылғы 24 маусым 17:41
Бөлісіңіз:
«BaigeNews.kz журналисі URKER сыйлығын жеңіп алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» АҚ «BaigeNews.kz порталының журналисі Әнуар Әбдірахманов баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2021» ұлттық бәйгесінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Лауреаттарды марапаттау рәсімі «Қазмедиа» орталығында өтіп жатыр. Оған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева және бірқатар БАҚ жетекшілері қатысуда.

Әнуар Әбдірахманов «URKER-2021» ұлттық бәйгесінің «Жылдың үздік репортажы» номинациясында жеңімпаз атанды. Сыйлықты «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат табыс етті.

Ал «Жылдың үздік аналитикалық материалы» аталымында «Ақиқат» журналының қызметкері Дина Имамбаева озық деп танылды. Жеңімпазды ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қаппарова жариялады.

Сонымен бірге, «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал» номинациясында «Семей таңы» газетінің тілшісі Риза Молдашева жеңіске жетті. Марапатты тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы Ақпарат мминистрі, мемлекет және қоғам қайраткері, журналист Қуаныш Сұлтанов табыстады.

Барлық жеңімпаздарға «URKER» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталды.

Айта кетейік, «URKER-2021» Ұлттық бәйгесі биыл бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Байқау 11 номинация бойынша өткізілуде, оған «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал» номинациясы қосылды.

Журналистерден жалпы саны 340 жұмыс келді, ал үздік жұмыстарды беделді журналистер, еліміздің шығармашылық интеллигенциясының өкілдері мен халықаралық медиаэксперттерден құралған қазылар алқасы анықтады.

ҚазАқпарат «Жылдың үздік жаңалықтар порталы» атанды.

Көрермендер марапаттау рәсімін urker-awards.kz ресми сайтынан тікелей эфирде тамашалай алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT