Бахтияр Мәкен қарамағындағы қызметкердің жемқорлық әрекетіне қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен қарамағындағы қызметкердің жемқорлық әрекеті үшін жазалағанына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік заң бар, яғни сыбайлас жемқорлықпен күрес заң шеңберінде бәрі бекітілген. Біз саяси қызметте жұмыс істейтіндіктен қызметімізге қатысты шешімді заң аясында жоғары тұрған басшылар қабылдайды. Мен жұмыстан кету туралы өтінішімді бердім, бірақ басшылар мені жұмыста қалдыру жөнінде шешім қабылдады», - деді Б. Мәкен тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары сөгіс алғанын да тілге тиек етті.

«Басшылар мені жұмыста қалдырса, демек одан әрі қызметімді жалғастыра беремін. Жоғары басшылық қандай шешім қабылдайды, мен оны сол күйінде қабыл аламын. Және ендігі уақытта осы секілді қателіктердің орын алмауы мақсатында жұмыс істеймін», - деді ол.

Еске сала кетсек, кеше елорда әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен қарамағындағы қызметкердің жемқорлық әрекеті үшін жазаланған болатын.


Соңғы жаңалықтар