Бахтияр Қожахметов ҚР қаржы вице-министрі қызметінен босатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Бахтияр Дүйсенбайұлы Қожахметов ҚР қаржы вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бахтияр Қожахметов еңбек жолын 2004 жылғы қаңтарда мемлекеттік емес секторда бастаған.

2007 жылдан 2012 жылдар аралығында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ түрлі қызметтер атқарды.

2012-2013 жылдар аралығында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде басқарма басшысы.

2013-2014 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымында болды.

2015ж-«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма басшысының орынбасары болып қызмет етті.

2015-2019 жылдары квазимемлекеттік компанияларда түрлі басшылық қызметтер атқарды.

2020 жылғы сәуірден желтоқсан аралығында «Зерде» ҰИХ АҚ Басқарма мүшесі-төрағаның орынбасары лауазымында жұмыс істеді.


Соңғы жаңалықтар