Бахрейнде сексуалды құлдықта болған қазақстандық қыздар елге қайтарылды - СІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Бахрейнде сексуалды құлдықта болған қазақстандық бойжеткендердің елге қалай қайтарылғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Естеріңізде болса, бір апта бұрын Бахрейндегі сексуалды құлдықтан Қазақстанның 21 азаматын босатып алғанымызды хабарлаған едік. Бұл жұмыс Бахрейннің құқық қорғау органдары және Сауд Арабиясының елшілігімен бірге жүргізілді. Қазір ол қыздар Қазақстанда. Бәрінің жағдайы жақсы. Бүгінгі күні тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Айбек Смадияров елордада өткен брифинг барысында.

Ол сонымен қатар қылмыстық топтың құрамында Қазақстан азаматы болғанын да айтып өтті.

«Істің мән-жайын толық айта алмаймын. Ол іске шетел азаматтары ғана емес, Қазақстан азаматтарының да қатысы бар. Олар дәл осы іспен айналысқан ірі ұйымдасқан қылмыстық топ болған. Тергеу аяқталып, қажетті ақпарат дайын болғанда міндетті түрде ол туралы хабарлаймыз», - деді Айбек Смадияров.


Соңғы жаңалықтар