Бахрейнде қазақстандық 21 қыз сексуалдық құлдықтан босатылды - ҚР СІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігінің жәрдемімен Бахрейн полициясы 21 ҚР азаматшасын сексуалдық құлдықтан босатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы саясат ведомоствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жақсы жалақы туралы уәдеге сенген жас қыздар Бахрейнге қонақ үйде қызмет көрсету саласында жұмыс істеуге келген. Алайда, келген бойда күтіп алушылар олардың құжаттарын тартып алып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бағынбаған жағдайда күш көрсеткен.

Қазіргі уақытта барлық күдіктілер, соның ішінде қазақстандық азаматшалар ұсталып, тиісті тергеу жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер арнайы оңалту орталығына орналастырылып, жуық арада Қазақстанға қайтарылады.


Соңғы жаңалықтар