Бахрейн мен БАӘ Израильмен бейбітшілік туралы келісімге қол қойды

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – 15 қыркүйек күні Ақ үйде Біріккен Араб Әмірліктері мен Бахрейн өкілдері Израильмен бейбіт келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап

Сейсенбі күні Ақ үйде БАӘ сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Абдалла бен Заид Әл-Нахайян мен Бахрейн елінің сыртқы істер министрі Әбдел Латиф әз-Заяни Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен қатынастарды реттеу туралы келісімге қол қойды. АҚШ президенті Дональд Трамп бұл күнді «бүкіл Таяу Шығыс үшін тарихи күн» деп атап , «оның мүмкін болатынына ешкім сенбегенін» атап өтті.

Америка көшбасшысы Израиль премьеріне Ақ үйдің атынан символикалық кілтті табыстап, БАӘ мен Бахрейннен тағы 5-6 ел үлгі алуы мүмкін екенін қосып өтті. Бұл ретте ол нақты мемлекеттерді атаған жоқ.

13 тамызда БАӘ мен Израиль қатынастарды реттеу, соның ішінде дипломатиялық қатынастарды орнату туралы келісті. Әбу-Даби Израильдің экономикалық бойкотын тоқтатты, оның орнына Израиль Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы аумақта елдігін орнатуды тоқтатуға ниетті.

Еске сала кетсек, 11 қыркүйекте Бахрейн мен Израиль дипломатиялық қатынастар орнататыны туралы жария етті.

Бұған дейін араб әлемінде Израильді тек Мысыр мен Иордания мойындаған еді.


Соңғы жаңалықтар