Бахрейн Израильмен дипломатиялық қатынас орнататын төртінші араб елі болмақ

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - Бахрейн Израильмен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру туралы келісім жасасатын төртінші араб елі болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

АҚШ, Бахрейн және Израильдің бірлескен мәлімдемесіне сәйкес, келісім АҚШ президенті Дональд Трамптың Беньямин Натаньяху және Бахрейн Королі Хамад бин Иса Әл-Халифамен осы жұмада келіссөздерінің нәтижесі болды. Д. Трамп бұл келісімді «тарихи серпіліс» деп атады, ал Бахрейн Египет, Иордания және БАӘ-ден кейін Израильмен осындай келісім жасасқан төртінші араб елі болады.

БАӘ Бахрейн мен Израильдің қарым-қатынас орнату туралы шешімін құптады, олар бұл аймақтағы және бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен ынтымақтастыққа оң әсер етеді деп үміттенеді.

Бұл - қауіпсіздік пен өркендеу дәуіріне елеулі қадам, сондай-ақ экономикалық, мәдени, ғылыми және дипломатиялық ынтымақтастық саласын кеңейтеді», - делінген БАӘ Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

15 қыркүйекте БАӘ мен Израиль қатынастарды қалыпқа келтіру туралы келісімге қол қояды. Дәл сол күні Бахрейн мен Израиль келісіміне де қол қойылады.


Соңғы жаңалықтар