Бағынышты қызметкері жемқорлықпен ұсталған 2 аудан әкімі жұмыстан кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшылардың бағынышты қызметкерінің жемқорлық әрекеті үшін тәртіптік жауапкершілігі туралы заңнамалық норманың орындалуына мониторингті жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін де бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін 3 саяси мемлекеттік қызметші отставкаға кету туралы өтініш берді. Атап айтқанда, Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі ауылдық округ әкіміне үкім шыққаннан кейін отставкаға беріп, өз еркімен қызметінен босатылды. Сол секілді БҚО Шыңғырлау ауданының әкімі отставкаға кетті. Оның бағыныштысы – аудандық білім бөлімінің басшысы 2019 жылдың 10 желтоқсанына дейін сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған болатын», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің парасат департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы онлайн баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін агенттік өкілі Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімі қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін отставкаға өтініш бергенін айтқан еді.

Алайда, әкімнің отставкасы қабылданған жоқ, ол сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылған.


Соңғы жаңалықтар