Багира тағы бір қылмыстың бетін ашты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Сандықтау ауданында Багира атты иттің көмегімен біреудің сөмкесі мен ақшасын алып, қашып кеткен ұры қолға түсті, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Полицейлердің мәліметі бойынша, оқиға 7 сәуір күні Сандықтау ауданында орын алған. Аудандық ішкі істер бөліміне Қызыл Қазақстан ауылының 25 жасар азаматшасы жергілікті «ЗТМО» ғимаратының ішінде белгісіз біреулердің оның сөмкесі мен ақшалай қаражатын ұрлап әкеткені жөнінде арыз түсірген.

Шығын көлемі 70 мың теңгені құраған. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлерінің жедел-тергеу тобының құрамында кинологиялық-инспектор полиция старшинасы Иван Мищенко мен оның Багира атты иті бірге болған. Иісшіл ит араға бірнеше минут салып, күдіктіні бірден тауып берді. Ол зардап шегушімен осы ғимараттың ішінде бірге болған 1971 жылғы Тучное селосының азаматшасы болып шықты. Ұрылық жасады деген күдікпен ұсталынған әйел қылмысын мойындап ақшаны заңды иесіне қайтарды.

Айта кетейік, Багира - бүгінгі таңда Ақмола облысы Ішкі істер департаментіндегі ең танымал із кесуші иттердің бірі. Оның көмегімен жүздеген қылмыстың беті ашылып, ол туралы БАҚ беттерінде талай мәрте айтылып та, жазылып та жүр.

Соңғы жаңалықтар