Бағдәулет Құралбекұлы семсерлесуден әлемдік сында 8-ші орын алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Польшаның Торунь қаласында өтіп жатқан семсерлесуден кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Бағдәулет Құралбекұлы алғашқы сегіздікке енді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Семсерлесуден жасөспірім ерлер арасындағы бәсекеде Бағдәулет болашақ әлем чемпионы, италиялық Рома Лоренцодан бір ұпай айырмашылығымен жеңілді. Есеп - 14:15.

Алғашқы төрттікке ене алмаған қазақстандық спортшы жалпы есепте 8-ші орын иеленді.

Әлем чемпионатында қылыштан бөлек, рапира мен семсерден бөлек жекелей және командалық сында жеңімпаздар анықталмақ. Жарыс 14 сәуірге дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар