Бағдат Мусин: Жеке тұлғалардың салық мәліметтері ашық көздерден алынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Бұдан былай салық органдарының ақпараттық алаңдарында тек заңды тұлғалардың салық мәліметтері ғана қолжетімді болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин салық төлеушілердің деректер базасына ішінара шектеулер енгізілетінін мәлім етті.

«Мемлекеттік органдардың барлық ақпараттық жүйелеріне ревизия жүргізіп жатырмыз. Әу баста жеке деректерді қорғау біздің міндетімізге кірмеген. Ал пандемия кезінде сандық арналар жетілдірілді. Сондықтан қазір жұмыс істеп жатырмыз. Ақпараттық қауіпсіздік комитеті де бір жыл бұрын құрылған. Өзі басым Qamqor.gov.kz. сайтын құрған болатынмын Кейін маған да кез-келген жағдайда, кез-келген адам ақпаратты тексере алмайтындай етіп, қандай адам ақпарат сұрайтынын білу үшін оны аутентификация арқылы жасаған дұрыс деп түсіндірді. Бұл журналистерді шектеу үшін жасалмайды. Бұл біздің азаматтарымыздың дербес деректерін қорғау үшін жасалады», - дейді министр.

Бағдат Мусин мемлекеттік орган сайттары арқылы бұрынғыдай кез келген адамның ЖСН деректерін табу мүмкін болмайтынын ескертті.

«Қазіргі жағдайда ақпараттық қауіпсіздік комитеті осы дерекқорға қолжетімділікті дұрыс іске асырудың әртүрлі нұсқаларын іздеп жатыр. Бүгінгі күні біз Мемлекеттік кірістер комитеті тек заңды тұлғалардың салық мәліметтерін алуға ғана рұқсат береді деген тоқтамға келдік», - деп толықтырды министр.

Еске салсақ, Бағдат Мусин Вакцина – «чип» салу құралы деген теория туралы да пікір білдірді.

Сондай-ақ, министр Saqbol қосымшасының жұмыс принципін түсінген болатын.

Министрдің мәліметіне сенсек, биыл елімізде 750 базалық интернет стансасы салынады.


Соңғы жаңалықтар