+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Президенттің кеңесшісі теңгені цифрландыруды ұсынды

2020 жылғы 23 мамыр 13:01
Бөлісіңіз:
Президенттің кеңесшісі теңгені цифрландыруды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мұндай жаңашылдық кірпіш алуға қанша қаржы кеткенін, адамдардың жалақысына қанша жұмсалғанын анықтауға көмектеседі. Президенттің кеңесшісі Бағдат Мусин сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы құрал құрылса, адамдардың заңға сәйкес жұмыс істеп, мойынсынудан басқа амалы қалмайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

« Мен процестерді цифрландыру туралы ғана ойламаймын. Мысалы, мемлекеттік сатып алу кезінде ақшаны қолма-қол шығару алу мәселесі бар. Мемлекеттік сатып алуды ұтып алғаннан кейін оны ақшаға айналдыру керек. Мұның бәрі алдын алу мақсатында цифрлық бақылау орнатпаудан болып отыр. Оны ақшаға айналдырғаннан кейін барып анық-қанығын білеміз. Менің идеям бойынша теңгенің цифрлық аналогы болуы керек және ол боялған болуы қажет», - дейді Мусин Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікте өткен брифингіде.

Оның айтуынша, мысалы, көпір құрылысына 3 млрд теңге бөлінсе, әр теңге цифрландырылғандықтан, ол монитор жүйесінде көрініп тұратын болады.

«Бұған уақыт керек. Бұл биткоин аналогы, бірақ биткоиннің өзі емес. Екеуін шатастыруға болмайды. Оны биткоин сияқты жүзеге асыру қиын емес. Биткоиннің технологиясы жақсы, біз оның пайдалысын ғана алуымыз керек», - дейді Президент кеңесшісі.

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мұндай құрал құрылған жағдайда көптеген жемқорлық фактілерінің алдын алуға болады.

«Адамдар заң бойынша жұмыс істеу керек екенін түсінуі керек. Мұның бәрін 2-3 жылда жүзеге асыруға болады. 1 жылда іске асыруға болатын оңайырақ тәсіл бар. Екінші деңгейлі банктермен, Ұлттық банкпен сөйлесу керек. Бұл бірден болады деп айту қиын, бірақ цифрландыру жұмыс тәртібінде тұр, сондықтан оны неге қазірден бастап қолға алмасқа?», - дейді Бағдат Мусин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT