Бағдат Мусин Tele2 жұмысындағы іркіліске қатысты түсінік берді

None
Фото: primeminister.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Tele2 байланысының нашарлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жабдықты жаңарту кезінде белгілі бір техникалық ақау, іркілістер болып тұрады. Tele2 мобильді операторы түнде белгілі бір техникалық жұмыстар жүргізген. Таңертең іске қосқанда белгілі бір проблемалар анықталды. Бұл жабдықты жаңартумен байланысты. Жалпы, байланыс инфрақұрылымы жаңғыртуды қажет етеді және жаңғырту кезеңінде мұндай проблемалар туындауы мүмкін. Кешірім сұраймыз», - деді Бағдат Мусин Үкімет қабырғасында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, бүгін таңертең Tele2 мобильді операторы байланысында іркіліс болды. Қолданушылар байланыстың нашарлығына шағымданған болатын.

Кейін Tele2 абоненттеріне байланыстың неліктен нашарлағанын түсіндірді.


Соңғы жаңалықтар