Бағдат Мусин интернет жылдамдығының баяулау себебін түсіндірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернет жылдамдығының баяулау себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір интернет бар, дегенмен біз абоненттер саны жылдан-жылға артып келе жатқанын байқап отырмыз. Негізінен ауылдық аймақтардан абоненттер қосылады. Тұтас осы абоненттік база қолданыстағы телекоммуникациялық желілерге ауырлық түсіреді. Мысалы, белгілі бір көлемдегі құбыр арқылы мүмкін емес мөлшерде су ағызуға тырысумен тең», - деп мысал келтірді Бағдат Мусин Үкіметтің кулуарында.

Ол операторлардың тиісті жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

«Сондықтан қазір телекоммуникация операторлары өз желілері мен инфрақұрылымын кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл бір күнде жасалмайды, әйтсе де әр оператор өз бағытында өз желілерін нығайтады және сапаны жақсарту үшін белгілі бір модернизация жасайды», – деді Цифрлық даму министрі.


Соңғы жаңалықтар