+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Бағдат Мусин EGOV сатылады деген қауесетке қатысты түсініктеме берді

2021 жылғы 15 қыркүйек 23:32
Бөлісіңіз:
Бағдат Мусин EGOV сатылады деген қауесетке қатысты түсініктеме берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халық арасында тараған «EGOV мемлекеттік қызмет көрсету жүйесі сатылады» деген ақпаратқа қатысты ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Депутат Сбербанкпен цифрлық үкімет платформасын құру туралы келісімге алаңдаушылық танытты Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтің сапасына қаншалықты баға береді

«Халық арасында таралып жатқан қауесетке сенсек, EGOV біреуге берілелі және оған қыруар қаражат құйылып жатыр екен. EGOV-ты ешкімге бермейміз, ол қазақстандық өнім. Көп адам EGOV-ты бір терезе ретінде ғана түсінеді яғни мемлекеттік қызмет алатын алаң, бірақ оның артындағы жүйенің қалай жұмыс істеп тұрғанын ешкім білмейді. Оның артында қазір 400 жүйе жұмыс істеп тұр. Оның 50 шақтысы Денсаулық министрлігіне және 40 шақтысы Қаржы министрлігіне бағынысты, солай тиесілі органдар бойынша кете береді – деді Бағдат Мусин «Ашық алаң» телебағдарламасында.

Министрдің айтуынша, белгілі бір мемлекеттік қызметтің жүйесін ауыстыру үшін 1 айдан 6 айға дейін уақыт кетеді екен.

«Дегенмен қазір заман басқа, сәйкесінше, талапта басқаша. Осы орайда заманауи компаниялар айлап емес бір немесе екі аптаның ішінде жүйені жаңаға ауыстыруға дайын. Ендігі біздің мақсат – осыған дейін айтылған 400 жүйенің орнына бір ғана платформа құру. Ол біз үшін жаңа деңгейге көтеріліп, заманауи жүйеге өту үшін қажет. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызмет көрсетудің проактивті түрге ауысуына оң әсерін тигізеді»,- дейді ол.

Айта кетсек, бүгін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Qazaqstan ұлттық телеарнасында көрсетілетін «Ашық алаң» бағдарламасына қатысты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT