Бағдат Мусин eGov Mobile арқылы зейнетақы жинағын қалай бақылауға болатынын көрсетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин eGov Mobile қосымшасы арқылы зейнетақы жинағын қалай бақылауға болатынын көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министр Facebook парақшасында зейнетақы жинағына арналған видео жариялады.

«eGov Mobile қосымшасын пайдаланушылар. Сіздердің сұрау салуларыңызға қарай бұрын жіберілген БЖЗҚ (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) арқылы өз зейнетақы жинағыңыздың жай-күйін білу туралы бейнені - қазақ тілінде көрсетемін», - деді Бағдат Мусин.

Еске сала кетсек таяуда зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеру бойынша БЖЗҚ-ның жаңа қызметі іске қосылған болатын. Салымшыларға ыңғайлы болу үшін БЖЗҚ тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге ақы төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алуға болатын жаңа қосымша сервистііске қосты.


Соңғы жаңалықтар