Бағдат Мусин «Азаматтарға арналған үкімет» басшысының ұсталуы туралы қауескетке пікір білдірді

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Азаматтарға арналған үкімет» басшысы Сүйеніш Әбділдиннің ұсталғаны туралы қауесетке пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сүйеніш Әбділдин жұмыста. Шын мәнінде, Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері келіп, бірнеше сұрақ қойды, басқа да іс-шаралар болды. Бірақ қазір болып жатқанның бәрі –агенттікке қатысты сұрақтар, олар бізге ақпарат бермейді», - деді ол ҚР Үкіметінің кулуарында тілшілер сұрағына.

Министрдің айтуынша, кеше Сүйеніш Әбділдин және басқа басшылар ортақ жиналысқа келгенде мән-жайды сұраған.

«Олар Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері келіп, белгілі бір іс-шаралар өткізгенін айтты. Ендігі сұрақтардың бәрі Қаржы мониторингі агенттігіне. Мен оған (Сүйеніш Әбділдин – ред.) оң сипаттама бере аламын», - деп қосты ол.

Бұған дейін Цифрлық даму министрлігі Қазақстанның телефон коды +77 болып өзгеруі мүмкін екенін айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар