Бағдат Мусин Астанадағы интернет мәселесі туралы пікір білдірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин астаналықтар арасындағы радиофобиа туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет кулуарында БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берген министр елордалықтар интернет сапасына шағым айтқан аудандарды өз аяғымен аралағанын айтты. Оның сөзінше ЭКСПО ауданында интернет сапасы бұрынғыдан жақсарған.

«Хан Шатыр» ауданында екі базалық станса орнатылды. Жақсарып келеді. Бірақ біз қосымша айыппұл жазып, екі ай уақыт бердік. Әкім кеше жиын өткізді. Өйткені бізге әкімдіктен жер телімі керек. Ол бұл бағыттағы жұмысты күшейтті. Жерт телімдерін бөлді, құрылыс басталып жатыр», - деді ол Үкімет кулуарында.

Сондай-ақ, «Салтанат қақпасы» ауданында радиофобиа проблемасы бар. Сондықтан базалық стансалар салу үшін әкімдіктен учаскелер керек», - деді Бағдат Мусин.


Соңғы жаңалықтар