+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Бағдат Манзоровтың ісінің тоқтатылуы: Өз ұстанымымызда қаламыз – Алик Шпекбаев

2019 жылғы 13 қараша 19:47
Бөлісіңіз:
Бағдат Манзоровтың ісінің тоқтатылуы: Өз ұстанымымызда қаламыз – Алик Шпекбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев ірі көлемдегі алаяқтық бойынша ұсталған Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты істің тоқтатылуына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз өз пікірімізді айттық, қазір ештеңе дей алмаймын. Бас прокуратураның жауабын алуымыз қажет. Процедуралар бар, мерзімдер бар. Сондағы белгілі бір деңгейлерді ұстану қажет. Орынбасар орынбасарға жазуы керек немесе мен жазуым қажет. Біз өз көзқарасымызды айттық және өз ұстанымымызда қаламыз», - деді А. Шпекбаев тілшілерге берген сұхбатында.

Еске салсақ, Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров ұсталғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оған ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 2-бөлігі, 2-тармағы («Лауазымын пайдалану арқылы аса ірі көлемдегі алаяқтық») бойынша айып тақты.

Кейін Бас прокуратура Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылғанын ресми түрде мәлімдеді. Көп ұзамай шенеунік өз қызметіне қайта кірісті.

Өз кезегінде агенттік Бас прокуратураның бұл шешіміне наразылық танытты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT