Бағдат Қожахметов елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы: Жағдай нашарлап барады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов елде коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша жағдай күрделеніп бара жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін ғана менің жақын досым COVID-19 жұқтырып алғанын естідім. Жағдай қиындап кеткенше мені мазалағысы келмепті. Өкпесі 20 пайызға зақымданған. Пневмония», - деп жазады Бағдат Қожахметов Facebook-парақшасында.

Сондай-ақ министрліктің ресми өкілі елдегі эпиджағдай қиындап бара жатқанын хабарлады.

«Біз тағы да босаңсып кеттік. Коронавирус бойынша сандар көңіл қуантпайды. Көршілес Ресейдегі жағдай біздің елдегі маусым-шілде айларындағы ахуалға ұқсас. Таңдау әрдайым өзімізде», - деп ескертті ол.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус 70 адамда расталды. 5-11 қазан аралығында індеттен 22 науқас көз жұмды. Сондай-ақ 12 қазан күні коронавирус белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді.

Елімізде індетке барлығы 108 901 адам шалдыққан, оның 104 203-і жазылып шықты. 1768 науқас қайтыс болды.




Соңғы жаңалықтар