Бағдат емханасындағы өрт: 45 адам мерт болды

None
None
КАИР. ҚазАқпарат – Сенбінің кешінде Бағдат қаласындағы коронавирусқа шалдыққан науқастарға арналған емханадан өрт шығып, салдарынан бірнеше адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Al-Hadath телеарнасына сілтеме жасап.

Бұған дейін мерт болған 28 адам мен зардап шеккен 50 адам туралы хабарланған. Ал, Ирактың Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының мәліметінше, жексенбінің таңында оқиға салдарынан 45 адам қаза тапқан. Республиканың денсаулық сақтау министрлігінен ресми мәліметтер келіп түскен жоқ.

Бағдаттың оңтүстік-шығысындағы Ибн-әл-Хатыб ауруханасындағы өрттің шығуына оның екінші қабатында орналасқан жансақтау бөліміндегі оттегі баллондарының жарылуы себеп болған. Екіқабатты ғимарат толық өртеніп кеткен.

Өртті сөндіруге 30-ға жуық жасақ жұмылдырылды. Куәгерлердің айтуынша, өрт басталғанда, дүрліккен адамдар ғимараттан шығатын жер іздеген. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметінің соңғы мәліметтері бойынша, сол кезде ауруханада шамамен 200 адам болған.

Ирак елінің премьер-министрі Мұстафа әл-Казыми оқиғаны жан-жақты тергеуді бұйырды, бүкіл елде үшкүндік аз тұту жарияланған.


Соңғы жаңалықтар