Бағдаршамның қызыл түсіне өткен жүргізуші бір адамды мерт қылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін түнде «Toyota Camry» жүргізушісі бағдаршамның қозғалысқа тыйым салатын белгісін елемей, «Mercedes-Benz» автокөлігімен соқтығысты. Екінші жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жексенбі, 8 мамыр сағат 02:40-та «Toyota Camry» маркалы автокөлік жүргізушісі Сембинов көшесімен келе жатып, Кенесары көшесімен қиылыста бағдаршамның қызыл түсіне өтеді. Сөйтіп, Кенесары көшесімен келе жатқан «Mercedes-Benz» автокөлігін соғады. Жол-көлік оқиғасынан «Mercedes-Benz» жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты», - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен.

Ведомстводан мәлім еткендей, «Toyota Camry» жүргізушісі мен «Mercedes-Benz» жолаушылары түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ал, Ақтауда ұландықтар жол-көлік оқиғасында зардап шеккендерге жедел көмек көрсетті.


Соңғы жаңалықтар