Бағдарламалау негіздері пәні 1-сыныптан бастап енгізіледі - Асқар Жұмағалиев
«Цифрлық Қазақстанның» бірінші бағыты - адами капиталды дамыту бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда. Еліміздің барлық мектептері компьютермен жабдықталды. Мектептердің 93 пайызы Интернет желісіне қосылған. Жоғары білім беруде 2019-2020 оқу жылына цифрландыру бағыты бойынша 19 мыңға жуық грант бөлінді. Білім сапасын арттыру үшін 2019 жылы Астана хаб базасында «Әлем» бағдарламалау мектебі және Нұр-Сұлтан қаласында Astana IT университеті ашылды. Ол жерде жаңа буын мамандары дайындалады», - деді ол.
Министрдің дерегінше, халықтың цифрлық сауатын ашу курстары тұрақты өткізілуде. Нәтижесінде халықтың цифрлық сауатының деңгейі 79 пайыздан асып отыр.
«Біз 2020 жылы да осы жұмыстарды жалғастырамыз. Бағдарламалау негіздері пәнін 1-сыныптан бастап енгіземіз. Алматы қаласында екінші «Әлем» және АХҚО базасында QWASAR бағдарламалау мектептерін ашамыз. Цифрлық сауатты 80 пайызға жеткіземіз»,- деді Асқар Жұмағалиев.