Бағбан Тайымбетов СҚО прокуроры болып тағайындалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының келісімімен ҚР Бас прокурорының 20 мамырдағы бұйрығы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры болып Бағбан Тайымбетов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік прокуратура сайтына слтеме жасап.

Бағбан Тайымбетов 1963 жылы туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1989 жылы бастаған.
Басшылық лауазымдарда еңбек тәжірибесі мол. Қарағанды, Қызылорда облысы және Алматы қаласы прокурорларының орынбасары, сондай-ақ Жамбыл және Шығыс Қазақстан облысының прокуроры болған.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 27 жылдан астам.
Заңдылықты және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі жетістігі үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған. 3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі шені бар.

Соңғы жаңалықтар