+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Бағанға, үйдің қоршауына соғылды: Алматыда автокөлік 1 адамды мерт қылды

2021 жылғы 15 қазан 19:40
Бөлісіңіз:
Бағанға, үйдің қоршауына соғылды: Алматыда автокөлік 1 адамды мерт қылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда нөмірі жоқ автокөлік екі адамды қағып, үйдің қоршауына соғылды. Салдарынан 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында автосервис механигі ұрлаған автокөлікпен жол апатына ұшырады Ақтөбеде үш көлік соқтығысып, төрт адам ауруханаға түсті БҚО-да полицейдің қатысы бар жол апаты: 6 айлық қыз баланың жағдайы өте ауыр

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 15 қазан күні сағат 15:00 шамасында Сүйінбай даңғылында болды.

«Мемлекеттік нөмірі жоқ «Audi S-2» маркалы көліктің жүргізушісі Сүйінбай даңғылымен солтүстік бағытта келе жатып, № 200-ші ғимаратқа қарама-қарсы жерде жолды кесіп өтпек болған 1997 жылы туған С. есімді жаяу жүргінші қағып кетті. Содан кейін инерциямен қарсы жолаққа шығып, автобус аялдамасында тұрған 1996 жылы туған А. есімді жігітті қақты. Одан әрі жарық бағаны мен № 204 үй қоршауына соғылды», - деді Алматы қаласы ПД анықтау бөлімінің бастығы Олжас Шәріпов.

Жол апаты салдарынан С. есімді 24 жастағы қыз оқиға орнында көз жұмды. Ал, А.есімді 26 жастағы жігіт Алматыдағы ауруханалардың біріне жеткізілді.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді полиция өкілі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT