Багам аралдарында Америкаға бет алған катер аударылып, 17 мигрант қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Багам аралдары маңында катер апатқа ұшырап, кем дегенде 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews агенттігіне сілтеме жасап.

Зардап шеккендердің арасында бала да бар. Апатқа ұшыраған 25 адам құтқарылды.

Багам билігінің хабарлауынша, Гаити азаматтары отырған жылдам жүзетін катер Майамиге бет алған.

Қайғылы оқиғаға дауыл себеп болды.

Өлім қаупіне қарамастан, мигранттар үнемі кедейшілік жаулаған Орталық Америка мен Кариб бассейнінен кетіп, АҚШ жағалауына жетуге тырысады.



Соңғы жаңалықтар