Бағаларды талдау және болжау жөніндегі ахуал орталығы құрылады - ҰЭМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Автомобиль көлігімен отандық жүк тасымалдаушылардың үлесі 50 пайызға дейін ұлғайтылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сақтау, логистика және көлік» – бұл картоп пен көкөністерді сақтау бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруды көздейтін іс-шаралар кешенінің екінші бағыты. Маусымаралық кезеңде тиімді тауар интервенцияларын жүргізу үшін тұрақтандыру қорларының жүктемесін қамтамасыз ету көзделеді. Азық-түлік корпорациясы өңдеу кәсіпорындарына одан әрі өткізу үшін шикізат сатып алуды жүзеге асыратын болады. Транзиттік ағындардың географиясын кеңейту мақсатында жаңа көлік маршруттары пысықталып, автомобиль көлігімен отандық жүк тасымалдаушылардың үлесі 30-дан 50 пайызға дейін ұлғаяды», - деді министр.

Оның атап өтуінше үшінші бағыт – «Тауарлардың бөлшек саудасы». Бұл бағытта сауда үстемесін бақылау фискалдық деректер операторларының электрондық шот-фактуралардың деректерін пайдалануы және өңірлік комиссиялардың тиімді қызметін қамтамасыз ету арқылы өнімсіз делдалдарды анықтау жолымен жүзеге асырылатын болады.

«Ірі өндірушілер мен сауда желілері арасында әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағаларын төмендету және ұстап тұру, апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу туралы келісімдер жасасу жөніндегі жұмыс жалғасады. «KazTrade» АҚ базасында Бағаларды талдау және болжау жөніндегі ахуалдық орталық құрылады. Бұл бағалардың өсу тәуекелінің факторларын анықтауға және тиісінше алдын алу сипатындағы шараларды қабылдауға мүмкіндік береді», - деді Әлібек Қуантыров.


Соңғы жаңалықтар