Бағаланбай қалған батырлар: Григорий ПОСТОЛЬНИКОВ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіс күні қарсаңында «ҚазАқпарат» ХАА есімі ұмыт қалған Кеңес Одағының Батырлары туралы материалдар жариялайды. Материалдарды жариялауға «Бағаланбай қалған батырлар» жинағының авторы Берік Әбдіғалиұлы көмек көрсетті.
Берік Әбдіғалиұлының атап өтуінше, бұл жинақта сөз қозғалатын батырлардың есімі жалпақ жұртқа мәлім емес. Олардың атымен аталған көше немесе мектептер жоқ. Қан майданда ерлік көрсеткенін жанындағы жолдастары көрсе де, штаб және партия басшылығы оларды мойындамаған. Біздің міндетіміз - бағаланбай қалған батырлар жайында келешек ұрпаққа әңгімелеп беру.
Григорий ПОСТОЛЬНИКОВ - 1923 жылы Ташкентте дүниеге келген. Әскерге 1942 жылы Гурьевтен (Атырау) шақырылған. 8-ші гвардиялық панфилов дивизиясы 15-ші барлаушылар ротасының барлаушысы. 1944 жылы 23 қаңтарда Калинин облысы Ново-Сокольники қыстағы маңындағы Мелехово деревнясы үшін болған шайқаста жау дзотын кеудесімен жауып, ерлікпен қаза табады. Командование оны Кеңес Одағының батыры атағына ұсынғанымен майдан қолбасшысы, армия генералы А. Ерёменко қол қоймаған.
- Жеңіс монетасын жаса: Ұлттық банк ашық конкурс жариялады
- Жеңістің 75 жылдығы: Сапарбаев ардагерлерге бірыңғай төлем белгілеуді тапсырды
- Жаркенттегі «Жауынгерлік даңқ» музейінде жастар батыр ұрпақтарымен жүздесті
- СҚО-ның делегациясы Ленинград облысына туған жердің топырағы салынған капсуланы апарады
-
Алматыға Ресей жерінде табылған соғыс жауынгерінің сүйегі жеткізілді
-
«Майдан жолы» отряды соғыста қаза тапқан жауынгердің туыстарын іздеп жатыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам